Алматыда жерді өртеген адам анықталды

2956
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматыда ағаштарды өртеген азаматтың өзі өрт қызметкері болып шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"7 қыркүйекте YouTube-тегі "Бәсе" арнасында "Қазақстанды Төтенше жағдайлар министрлігі өртеп жатыр" деген бейнеролик жарияланды. Онда Алматыда өрттерді ұйымдастырған өрт сөндіру қызметінің қызметкері Жанат Өтеулиев екенін көрсетеді. Видеода көрсетілген азамат шынымен де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері екенін хабарлаймыз", - делінген ақпаратта.

Азаматтың жеке басы анықталды, ол 1983 жылы туған азаматтық қорғау аға өрт сөндіру сержанты Өтеулиев Жанат Ерғалиұлы болып шықты. Азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бері жұмыс істейді.

"Тексеру іс-шаралары барысында Утеулиев Ж.Е. қатты масаң күйде болғандықтан, ағаштарды не себепті өртегенін түсіндіріп бере алмады. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу ұйымдастырылды", - деп қосты жауапты мекеме.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер