Қазақстандық Shoqan School мектебінің үш оқушысы әлемнің ең беделді университеттері – Гарвард пен Калифорния университеті Берклиге (UC Berkeley) оқуға қабылданды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
Сабыржан Арман есімді оқушы Гарвард университетінің компьютерлік инженерия бағдарламасына толық грантпен оқуға түсті. Оспан Томирис – Гарвардтың экономика факультетіне, ал Жанділдаева Камилла – UC Berkeley университетінің Management, Entrepreneurship, and Technology (MET) атты ерекше бағдарламасына қабылданды. Айта кетейік, биыл бұл бағдарламаға 127
мың адам өтініш беріп, тек 200 үміткер ғана іріктеліп алынған. Сондай-ақ, Аружан Асыл Ұлыбританиядағы ең үздік Foundation бағдарламаларының біріне – University College London-ға түсті.
Shoqan School негізін қалаушылар – кәсіпкер Кеңес Рақышев пен эколог Әсел Тасмағамбетова – мектеп оқушыларына жалпы сомасы 173 миллион теңгеден астам стипендия бөлген. Ал әлемнің үздік 10 университетіне түскен түлектердің оқу ақысын өз қалталарынан толықтай өтеуді шешкен.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз