Halyk Bank Қостанай облысында өртеніп кеткен үйлердің тұрғындарына әр отбасына 1 млн теңге көлемінде ақшалай көмек жібереді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Үйінен айрылған адамдар күш жинап, алған қаражатын ең қажеттісіне – тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсауға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, банк басшылығы жанып кеткен үйлердің барлық иелеріне Halyk Bank-тегі қолданыстағы кредиттерін жабу туралы шешім қабылдады.
"Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының барлық өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарына шынайы жанашырлық білдіреді және олардың өмірлері жақын арада үйреншікті арнаға оралады деген үмітін білдіреді", - делінген хабарламада.
"Адырна" ұлттық порталы