“Қорқақ, жалқау”: Бразилия президенті блогермен жанжалдасып қалды

3535
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Бразилия президенті Жаир Болсонару блогермен қақтығысып, оның ұялы телефонын тартып алмақ болды. Бұл туралы Daily Mail басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Басылымның мәлімдеуінше, Болсонару Бразилия астанасындағы президент резиденциясы Паласио да Алворада маңында жақтастары алдында сөз сөйлеген. Осы кезде жергілікті блогер Вилкер Леао көпшілікті итеріп өтіп, саясаткерге жақындаған. Леао телефонына өзін видеоға түсіріп, президентке қайта-қайта айғайлап, оны "қорқақ", "жалқау" және Конгресстегі "шошқа бөлшектері" фракциясының "сүйіктісі" деп атаған.

Болсонару алдымен көлігіне отырғаны, бірақ кейін түсіп, ер адамды көйлегі мен білегінен ұстап алып, телефонын алмақ болғаны айтылды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары блогерді сүйреп әкеткен.

"Мұны түсірмеңіздер! Бұл оның наразылық білдіру құқығы, бірақ ол әдепсіздік танытты", - дейді Бразилия президенті өз жақтастарына.

Оқиғадан кейін Болсонару мен Леао бес минут бойы кінәні мойындау туралы мәмілелер, бюджет, салық реформасы және қаруға иелік ету туралы сөйлескен, содан кейін Бразилия көшбасшысы көлігіне қайтқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер