Зейнеп Ахметова: "Əуретті жерлеріңді жап!" дейді. Ол деген сөз - ұятты жерлеріңді жап дегені. Сенің басың, бетің ұятты жер емес қой. Ол - құдайдың жаратқаны. Ұятты жер - мына мойыннан төмен жақ. Қазақ онсыз да ол жерін ашып шашқан жоқ. Қазақтың қызы тұрмысқа шыққанға дейін басына орамал салмаған. Кəмшат бөрік, құндыз бөрік, үкілі тақия, шашақты сорабақ, моншақты қасаба, жырға!.. сондай-сондай əдемі бас киімдер болған. "Шаштарын он күн тарап бес күн өрген" деген, шаш күтіміне көп көңіл бөлген. Қолаң шаш, сүмбіл шаш, қара шаш, алтын шаш, соның бəрі - қыздың шашы. Сонда не, мұсылман болады екенбіз деп соның бəрін жерге көмуіміз керек пе?
Ана тыйымға қатысты сандырақтардың барлығы - арабтікі. Арабтың жері ыстық, құм боран соққан бұрын (қазір де) Сонда, еркегі бар, əйелі бар, бəрі көзінен басқаның бəрін жауып тастаған қарамен. Енді соны алып келіп, бізге тықпалайды. Мұсылман болу үшін араб болудың керегі жоқ. Мысалы, арабтар керемет болатын болса, тегі бір, діні бір, тілі бір; неге бір-бірін қанға бөктіріп жатыр әлі күнге дейін? Қырып жатыр! Қаншама жыл болды. Оның несі ислам? Оның несі шариғат? Құдай сақтасын!.. Қазақтар бұрын жер дауы жесір дауы деп таласқа шыққанымен, оның өзін де екі-ақ ауыз сөзбен бітіріп отырған. Аталы Сөзге тоқтаған. Қазақ - өте құдайшыл халық. Бірақ фанатик емес. Қазақ "Құдайсыз қурай сынбайды" деген бір ауыз сөзбен-ақ құдайды мойындаған. Ең жаман адамды қ"ұдайсыз адам" дейді. Жақсы адамды " Ой, құдайы бар екен, айналайын!" деп айтып жатады. Арабтар бұрын пұтқа табынған. Екі қыздың біреуін тірідей көміп отырған.


