Шымкентте Абай күніне орай жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды

2457
Adyrna.kz Telegram

10 тамыз – Абай күні. Шымкентте ел руханияты үшін айрықша саналатын мерекені атап өту 9 тамыздан басталды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына орай Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі екі күндік «Кітап керуені» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.

«Ұлылардың ұлысы – Абай» тақырыбында өткен іс-шараға шымкенттіктер белсене қатысты. Оқырмандар Арбат демалыс аймағында көрмеге қойылған ақынның өлең жинақтары, қара сөздері, хикмет кітаптарымен танысты.
Ұйымдастырушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қала тұрғындары арасында викториналық ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттады.

Айта кетейік, жылжымалы кітап керуені Арбат алаңында бүгін кешкі сағат 20.00-де жалғасатын болады. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханасында бүгін «Абай әндерін бірге шырқайық» атты әдеби әуенді кеш өтеді.

 

Пікірлер