5 жасар Мадинаның денесі жасанды көлшіктен табылды

5061
Adyrna.kz Telegram
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

5 жасар Мадинаның денесі өзі тұрған Жамбыл ауылынан 3 шақырым жерден дронның көмегімен табылды. Ол жасанды су қоймасына батып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мен облыс, республика тұрғындарының, полиция қызметкерлерінің атынан оның отбасына көңіл айтамын. Біз соңына дейін бала аман-есен табылады деп сендік, бірақ біз қалағандай болмады»,- деді облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков.⠀

Оның сөзінше, қажетті сараптамалар тағайындалып, нәтижесі алдағы уақытта хабарланатын болады.

”Адырна” ұлттық порталы 

 

Пікірлер