Мас күйде болған. Қостанай облысында жұмысшы биіктіктен құлап, көз жұмды

1006
Adyrna.kz Telegram
Сурет: obvk.kz
Сурет: obvk.kz

13 ақпанда Қостанай облысы, Қамысты ауданының орталығында аудан әкімдігі алаңында жұмысшы жаңа жылдық биіктігі бес метрлік сырғанақты бөлшектеу кезінде биіктіктен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желіде ер адамның аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде шамамен 23:00-де қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

"Мамандар жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылған-бұзылмағанын анықтауда. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкелген жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – деп мәлімдеді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бұл қайғылы оқиғаға облыстық денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдірді.

"13 ақпан күні сағат 19:22-де Қамысты аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1966 жылы туған науқас жеткізілді. Оның диагнозы – "омыртқа мен жамбас сүйектерінің көптеген сынығы және 1-2 дәрежелі жарақаттық шок. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөліміне жатқызылды. Медициналық тексеру мен емдеу хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Өкінішке қарай, сағат 22:40-та биологиялық өлім тіркелді", – деп хабарлады дәрігерлер.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер