Ақмолада 33 лауазымды тұлға сапасыз жол үшін жауапкершілікке тартылды

812

Ақмола облысында 33 лауазымды тұлға сапасыз жол үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Құзырлы орган өкілдері шілде айының 19-ынан бері 200-ден астам жолға мониторинг жүргізіп, барлығынан кемшілік анықтаған.

Жауапты коммуналдық мекемелерге ескерту жасап, жолды салған және арнайы жол белгілерін орнатқан ұйым өкілдерінің әрқайсысына 31 мың 800 теңгеден айыппұл салды.

«Жолдың дұрыс ұсталмауы қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін біз аталған тексерістерді жүйелі түрде жүргізіп отырамыз. Біздің араласуымызбен рейд басталған 16 күннің ішінде қауіпті жол бөліктеріне 174 жол белгісі қойылды. Ал, жолға мал шығуы мүмкін деген елді мекендердің тұсына ірі қараның 19 макеті орнатылды»,— деді облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ержан Қошқарбаев.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket