Димаш Құдайберген қазақ жастарын дамыту туралы өз идеясымен бөлісті

1945
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың атын әлемге паш етіп жүрген жас әнші Димаш Құдайберген жастарды дамыту, студенттік кезеңнің шығармашылық тұстары туралы өз идеясымен бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз телеграм парақшасында жариялады.

«Сонымен қатар шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджмент саласына қажетті кадрлар даярлау мәселелері де талқыланды.

Димаш Құдайбергеновтің ұсынған идеяларын біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмысы барысында міндетті түрде ескеретін боламыз.

Алдағы уақытта да байланысымызды үзбей, үнемі пікір алмасып тұратын болып келістік.

Димаш өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға салуға дайын екендігі біз үшін өте қуанышты» деп жазылған министрдің жазбасында.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер