АҚШ Ресейді терроризмнің демеушісі деп тануы мүмкін

3861
Adyrna.kz Telegram

АҚШ сенаты Ақ үйді Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп тануға шақыратын қарар қабылдады. Бұл туралы The New York Times басылымына сілтеме жасап "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

Қаулы мәтіні Сенаттың сайтында жарияланған. Онда Владимир Путиннің нұсқауымен Ресей үкіметі саяси қарсыластар мен ұлттық мемлекеттерге қарсы халықаралық лаңкестік әрекеттерді қолдап келгені және қолдап отырғаны айтылған.

Сондай-ақ қарарда Ресей Екінші Шешен соғысы кезінде бейбіт тұрғындарға қарсы дөрекі күш қолданғаны айтылған.

«Ресей Федерациясы үкіметінің Шешенстан астанасы Грозный сияқты азаматтық орталықтарға қарсы әрекеттері сансыз бейкүнә ерлер, әйелдер мен балалардың өліміне немесе зардап шегуіне әкелді», - делінген құжатта.

АҚШ сенаторлары Ресейдің Донбасстағы сепаратистерді қолдап, Сирия мен Украинадағы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанына сенімді.

«Ресей Федерациясының үкіметі Сирия халқына қарсы қолданылған лаңкестіктің демеушісі болып саналатын Сирияға материалдық қолдау көрсетуде», - делінген қарарда.

«Нью-Йорк Таймс» газеті АҚШ-тағы бір елді лаңкестіктің демеушісі деп тануға тек Мемлекеттік департаменттің ғана құқығы бар екенін атап көрсетеді. Дегенмен, қабылданған қарар «Байден әкімшілігіне Конгресс тарапынан қысым жасайды».

АҚШ қазірдің өзінде лаңкестікке демеуші елдер тізіміне Сирия, Иран, Солтүстік Корея және Куба кіреді.

Пікірлер