Нұрлан Нығматулиннің ұлы ұсталды - БАҚ

4338

Таразда ҰҚК орталық аппаратының қызметкерлері Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрлановты ұстады. Бұл туралы Orda.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Экс-спикердің ұлының ұсталуы туралы мән-жай анықталып жатыр.

Айта кетейік, Нұрхан Нұрланов «Қазфосфат» ЖШС басшысы.

P.S. «Қазфосфат» зауытының директоры Нұрхан Нұрланов Orda.kz редакциясына хабарласып, Тараздағы үйінде екенін, кеңсесінде тінту жүргізілмегенін, қамауға алынбағанын айтты. Төтенше жағдайлар департаменті мен қала, облыс әкімдіктерінің өкілдерімен бірге зауыттағы шұғыл жиналыста орынбасарлары болғанын, өзінің «нұсқау беріп» зауыттан шығып кеткенін айтты. Нұрланов және «Kaz Chemicals» басқарма төрағасының орынбасары Игорь Завьялов кәсіпорындағы шығарындылардың себебі туралы түсінік беруден бас тартты. «Бұл мәселемен комиссия айналысады. Төтенше жағдайдың себептері анықталғаннан кейін ресми баспасөз мәлімдемесі жарияланады» деп жауап берді.

Еске салсақ, Тараздағы «Қазфосфат» зауытында апат болған. Бұл туралы облыс әкімдігінде хабарланды. Олар ауада «фторидті қосылыстардың аздап артқанын» атап өтті.

«11 шілдеде, сағат 20:30-да Тараз қаласындағы «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» ЖШС зауытында апат болды. Экология департаменті қала прокуратурасымен бірге СҚА шекарасында зиянды заттарды өлшеуге шықты. Фторлы сутектің артуы 2-3 есе, аммиактың, күкіртсутектің, СО2-нің артуы анықталған жоқ. Осыдан кейін топ Шайқұрыққа қала шекарасына қарай бет алды, өйткені жел сол бағытта жүрді. Шайқұрықта барлық көрсеткіштер бойынша нормадан асу анықталған жоқ. Бұл жағдай топтың бақылауында, нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады» делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket