Тоқаев Путиннен тағы да бас тартты: "Қазақстан ЕО-пен орнықты байланысты дамытуға бейілді"

7783
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен келіссөздер барысында ЕО-ны басты серіктес деп атап, сауда айналымын арттыру жайын талқылады. Осылайша, Тоқаев іс жүзінде Ресеймен бірге «Батысқа қарсы экономикалық соғысқа» қатысудан тағы да бас тартты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Тоқаев Еуропа одағының президентімен өңірдегі жағдайды және азық-түлік дағдарысының күрделене түскенін талқылады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатын Еуропа одағымен орнықты байланысты дамытуға бейілді екеніне назар аударды",- делінген ресми хабарламада.

Президент сондай-ақ халықаралық ахуалды жақсарту, ең өзекті деген мәселелер бойынша сенімді диалог орнату үшін күш біріктірудің маңызды екенін мәлімдеді.

"Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағын балама трансқұрлықтық дәліздерді, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын  дамыту ісінде ынтымақтастық орнатуға шақырды. Президент әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қатерге алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан әлем және Еуропа нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін өзінің көмірсутегі әлеуетін пайдалануға дайын", - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер