Мемлекеттік тілде сөйлеуді тек шетелдіктер талап етуі керек пе?

3978
Adyrna.kz Telegram

Парижден келген Гүлшах Есдевлет Қарағанды банктерінің бірінде қызметкерден орысша емес, қазақша сөйлеуді өтінді. Оны көрген банк қызметкерлері абдырап қалды.

 

Басынан өткен хикаясымен Facebook-те Ерлан Әшім бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бүгін қобалжытатын жағдайға кезіктік. Əйелім Парижден келген Gulsah Esdevlet деген қонақ досымызды KAZKOM (Қарағанды. Кривогуз к.) банкісіне апарған. Гүлшах кассадан Франциядан келген ақшасын алу керек еді. “Мен орысша білмеймін, қазақша сөйлесейік”- дейді ол қызметкер кассирге. Естіп қалған кісілер аң-таң.

Қызықтап сұраған: “Кімсіз, қайдан келдіңіз?” Мəн-жəйді білгенсін бүкіл шаруасын шешіп береді. Бір уақытта қасында тыңдап қана тұрған банк күзетшісі үндемей ғана бір парақ қағазды алып тез арада бірдеңе жазып арттарынан мəшинеге дейін келіп, қағазды қолына ұстата қойыпты. Гүлшах қарындасымыздың айтуынша, ағайдың көзінде жас тұрыпты. Берген қағазы осы», – деп жазады Ерлан Әшім.

Хат мәтініне сәйкес, күзетші франциялық қызға деген ризашылығын жеткізген. Ол, тіпті бір-бірімен қазақша сөйлеспейтін қазақтардың бар екенін айтып ашынады.

Пікірлер