Елімізде сәби саудалайтын шетелдік сайт жұмыс істеген

1913
Adyrna.kz Telegram

Алматы прокуратурасы сәби сату туралы қылмыстық іс тергеуінің кей мән-жайларын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Елімізде сәби саудалайтын шетелдік сайт жұмыс істеп тұрған. 21 мен 25 жастағы алматылық екі келіншек жаңа туған нәрестесін сатып үлгерген. Прокуратура дәл осындай 50-ге жуық хабарландыру анықталған интернет ресурстың жұмысын тоқтатып, қазір қылмыстық топты іздестіріп жатыр.

Сайтта сәбиінен бас тартқандармен қоса, асырап алғысы келетін келіншектердің де өтініштері қаптап жүр. Дегенмен құзырлы орындардың құрығына іліккен желі қызметкерлері ізін жасыру үшін парақшаларын өшіріп үлгерген. Заңсыз әрекетке барғандардың ісі енді сотта қаралмақ.

Анықталғандай сайт 2013 жылы тіркеліпті. Бірақ елімізде жұмыс жүргізгеніне жарты жыл ғана болған. Соның өзінде жасырын әрекетін сәтті жүргізіпті. Саудаға түскендердің дені – 1 жасқа дейінгі балалар. Ал өз нәрестесінен жеріп, саудаға салғандар – 20 бен 35 жас аралығындағы әйелдер. Қолға түскен екі келіншектің бірі Алматы қаласынан болса, екіншісі Түркістан облысының тумасы екен.

«Біріншісі сәбиді басқа атааналардың қолына берілген фактісі анықталды. Екінші факті бойынша дүниеге әкелген ана баланы басқа ата-анаға беруден бас тартты. Оны өз ата-анасы бағып қарайтын болды. Қазіргі таңда Алатау ауданы бойынша сәбилерді сату я болмаса сатып алу фактілері анықталған желі анықталған болатын. Біздің ұсынысымыз толығымен қанағаттандырылды. Қазіргі таңда ол сайт тоқтатылды», - деді Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер