17 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен 25-ші мерейтойлық Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекет басшысы ИМДБ-ның пленарлық отырысында сөз сөйлейді және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарлануда.
«Келіссөздер барысында мен Қазақстан Президентін ағымдағы жылдың маусым айында өтетін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына басты қонақтардың бірі ретінде қатысуға шақырғанымды айта кетейін. Ол біздің шақыруымызды қабылдайды деп үміттенеміз және біз әрқашан Санкт-Петербургте өтетін форумға қазақстандық саясаткерлер, бизнесмендер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын сенімді делегацияны күтеміз», - деген болатын Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомартпен Тоқаевпен 2022 жылдың 10 ақпанындағы кездесуінде.
”Адырна” ұлттық порталы