Алматыда митингке шыққандар жауапкершілікке тартылды

2930
Adyrna.kz Telegram
Фото: кадрдан алынды
Фото: кадрдан алынды

Алматыда рұқсат етілмеген акцияда қайтыс болған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде ер адамның өліміне кінәлі тұрғын ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 11 маусымда бір топ азамат Гагарин көшесіндегі жолды жауып тастаған. Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі, 1980 жылы туған М.есімді азамат жанжал кезінде қозғалысын бөгеп қойған көліктердің бірінің жүргізушісі 1974 жылы туған К.есімді азаматқа дене жарақатын салған. Нәтижесінде жәбірленуші қайтыс болған.

"М.есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 106 бабы 3 бөлігімен сараланады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген акцияны ұйымдастырушылардың тағы төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды", — делінген департамент хабарламасында.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер