«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының премьерасы өтті

3724
Adyrna.kz Telegram

«Айман-Шолпан» лиро-эпостық жырын алғаш қағаз бетіне түсіріп, 1896 жылы баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайхысламұлы. Жырдың жарық көргеніне биыл 126 жыл толып отыр. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтің туғанына – 125 жыл. Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» жыры негізіндегі музыкалық драмасы 1934 жылы жазылды. 1956 жылы автор екінші редакциясын жасады.

Ринат Рифхатұлы Заитовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 8 маусым күні аталмыш туындының екінші нұсқасы бойынша «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының премьерасы өтті. Тарихи және көркемдік шындықты қамтыған музыкалық комедия қазақтың ұлттық болмысын кеңінен таныту, жеке бас бостандық мәселесін көтеру, Маман мен Көтібар батыр арасындағы өзара күрес, бейбітшілік және т.б. бағытталады. Қойылымның жоғарғы міндеті бейбітшілік екенін аңғаруға болады. Өйткені Айман мен Шолпан әдеттегідей алдыңғы планда емес. Белгілі бір баланс сақталған. Бұл да бір режиссерлік шешім. Тұтастай алғанда өзекті әрекет те көрінді. Би қозғалыстары арқылы негізгі эмоциялар ашыла түссе, ансамбль қойылымның бойына қан жүгірткен. Декорация, жарық, дыбыс және т.б. үйлесім тапқан. Театрдың бағытына сәйкес, сондай-ақ музыкалық комедия болған соң, аристердің актерлік қабілеттерінен бөлек ән айту өнерлері де аса маңызды. Бұл жағы да көңіл қуантарлықтай.

Премьера көрермендердің ұзақ қошеметтерімен аяқталды.

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер