Түркияның ұшқышсыз ұшақтары Қазақстанға жеткізіле бастайды

2520
Adyrna.kz Telegram
Фото: anadolu agency
Фото: anadolu agency

2022 жылдың мамыр айында Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әскери техника, оның ішінде түрлі маркалы ұшқышсыз ұшақтар шығаратын «Turkish Aerospace» компаниясының бас директоры Өмер Йылдыз Anadolu ақпарат агенттігіне ANKA ұшқышсыз ұшақтарының алғашқы партиясы 20 маусымда Қазақстанға жіберілетінін айтты.

Сондай-ақ, Йылдыз бұрыннан қолданылған MAM-L және MAM-C шағын зымырандарымен бірге АНКА үшін арнайы басқарылатын ауыр Күзгун оқ-дәрілері жасалғанын атап өтті.

«Реактивті қозғалтқышы бар Кузгун басқаларға қарағанда ауыр. Оның салмағы 100 келіге дейін жетеді. Ол салмағы 60-90 келіге дейінгі оқтұмсықты көтере алады. Оның қатты отынды қозғалтқыш жүйесі бар, әлдеқайда үлкен қашықтықты еңсереді. Айдың соңына дейін АНКА Кузгунмен жабдықталады», - деді ол.

Еске салайық, 10 мамырда Қазақстан мен Түркия әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Анкара технологияны тасымалдап, Қазақстан армиясын ұшқышсыз ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін персоналды оқытады.

«Жаңа келісім бауырлас Қазақстанмен достық байланысты одан әрі нығайтады», - деп атап өтті түрік тарапы.

Anka барлау және соққы беру ұшқышсыз ұшағы Түркияда 2013 жылы жасалған. Жауынгерлік жағдайда сынақтан өтті. ҰАО максималды ұшу салмағы 1700 кг және 350 кг-ға дейінгі пайдалы жүкті көтере алады. Ұшу уақыты – 9000 метрге дейінгі максималды биіктікте 30 сағатқа дейін. Қанатының ұзындығы 17,5 метр, ұзындығы шамамен 8 метр.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер