Жұмыс сұраудың соңы жарақат алуға апарды

2363
Adyrna.kz Telegram
Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz

Бүгін "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына бір топ адам жиналып, жалпы кезектен айналып өтіп, компанияға жұмысқа орналасуды талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талаптары орындалмайтынын білгеннен кейін С.К. және С.Т. (бұрын сотталған) есімді екі азамат алдыңғы құрсақ қабырғасы мен иық жанынан ұстара пышағымен (лезвия) дене жарақатын келтірді (терең емес). Екеуі де қалалық ауруханаға жеткізілді.

Оларды дәрігерлер қабылдау бөлмесінде тексерді. Өмірлеріне қауіп жоқ. Ауруханаға түскендердің бірі емделуден бас тартып, ауруханадан шығып кетті.

Жоғарыда аталған азаматтар бұрын арнайы оқудан өтіп, 1 маусымда жалақысы 250 мың теңге болатын жеке компанияға жұмысқа орналасқан болатын.

Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу қабылданған алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүріп жатқаны жөнінде бірнеше рет түсіндірілген болатын. Алгоритмді бұзып, кезектен тыс жұмысқа орналасу басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіз болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер