2022 жылғы 8 маусымда Ортсайлауком жаңа аумақтық сайлау комиссияларын құрды

4238
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/c56f84fb-5caf-4043-b90c-f63e67977db1.jpeg
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Президенттің Жарлығына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы №48/507, №48/508, №48/509, №48/510 қаулылары арқылы Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Абай облысы Ақсуат ауданының және Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының аумақтық сайлау комиссияларын құрды. Осылайша, жаңадан құрылып отырған 5 сайлау комиссиясын есепке алғанда, еліміздің сайлау жүйесінде 239 аумақтық сайлау комиссиялары жұмыс істеуде.  
Комментарии