“19500 АҚШ доллары”: Түркістанда шекарадан қомақты қаржы алып өтпек болғандар ұсталды

3242
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

«Жібек жолы» және «Атамекен» кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан азаматтарына әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Департаменттің мәліметінше, олар Қазақстан заңнамасындағы қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзбақ болған.

«6 мауысымда «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы Өзбекстан бағытындағы жолаушылар терминалында қолжүгін рентген-телевизиондық құрылғы арқылы тексеру кезінде, Тәжікстан азаматынан кедендік декларацияда көрсетілмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталды. Оған ӘҚБК-нің 545-бабы бойынша іс қозғалды», - деп жазды ведомстводан.

Осыған дейін, 18 мамырда «Атамекен» кеден бекетінде өзімен бірге 10 мың доллар, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталған. Оған кеден бекеті мен ҰҚК шекара қызметкерлері бірлесіп тосқауыл қойды. Бұл дерек бойынша жинақталған әкімшілік іс Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 20 мамыры күні осы кеден бекетінде орын алған оқиғаны да мәлімдеді. Кедендік бақылау кезінде Ресей азаматы өзімен бірге 13 800 АҚШ доллары мен 88 000 теңгені Өзбекстанға алып өту барысында анықталған. Іс Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер