Екі адам қаза тапқан. Түркістан облысында автогаз құю бекетінде жарылыс болды

392
Adyrna.kz Telegram
Фото: avto-gaz.kz
Фото: avto-gaz.kz

Түркістан облысында автогаз құю бекетінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 21 наурыз күні орын алған.

"21 наурыз күні сағат 16:30-да Түркістан облысы ТЖД кезекші бөліміне Шардара ауданы, Жаушықұм ауылындағы автогаз құю бекетінде газ бағанының жарылғаны туралы хабар түсті", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жарылыстың жеңіл автокөліктің автогаз құю бекетіне соқтығысуынан кейін болғанын анықтаған.

Соқтығыс салдарынан газ цистернасы зақымдалып, газдың сыртқа шығуы мен газ-ауа қоспасының тұтануы орын алған. Өрт жақын маңда тұрған көлікке де тарады. Кейіннен өрт сөндірушілер жалынды толықтай өшірген.

"Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам күйік жарақатын алды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Дәрігерлер бастапқыда бір зардап шеккен адамды ауруханаға жатқызды, кейін тағы екі адам өз еркімен медициналық көмекке жүгінген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер