Елімізде ай сайын бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелері өткізіледі

3379
Adyrna.kz Telegram

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде халықты жұмыспен қамтуға арналған қосымша шаралар туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сөзінің басында министр 2000 жылдардан кейін дүниеге келген ұрпақтың есейгенін, жыл сайын осындай 300 мыңнан астам жастың еңбек нарығына қосылатынын атап өтті. Соның нәтижесінде жұмыс күшінің жаңа сапалық құрылымы қалыптасып жатыр. Бүгінде жалпы жұмыс күшінің 60 пайызы миллениалдар мен Z буынның еншісінде.

Осы үрдіс қазіргі күрделі ахуал және алдағы ықтимал сын-қатерлер жұмыспен қамту саясатын қайта қарау қажеттігін көрсетіп отыр. Онда азаматтарды жай жұмыспен қамту емес, шын мәнінде сапалы жұмыс орнын беру арқылы халықтың табысын арттыру басты міндет болмақ.

Ең алдымен, бос жұмыс орындарына онлайн жәрмеңке өткізу арқылы жастарды еңбекпен қамту қолға алынады. Айтуынша, әр айдың 24-30 аралығында электронды еңбек биржасы негізінде бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі өтпек.

«Биыл мамыр айында ERG компаниялар тобымен бірлесіп, білім беру ұйымдарының түлектерін және 35-ке дейінгі жастарды жұмысқа орналастырудың онлайн-жәрмеңкесі пилоттық режимде өткізілді. Компания 350 жұмыс орнын ұсынды. Бір аптаның ішінде жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келетін 159 жас іріктеуден өтіп, жұмысқа қабылданды. Электрондық еңбек биржасы және оның негізінде тұрақты негізде өткізілетін онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкелері жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін еңбек нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды және тиімді құралы болады»,– деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер