Ресей Ердоғанның Сириядағы әскери операциясына қатысты пікір білдірді

2906
Adyrna.kz Telegram
Фото: atorus.ru
Фото: atorus.ru

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Сирияның солтүстігінде жаңа әскери операцияның басталуы туралы мәлімдемесіне пікір білдірді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мұндай күштік операция туралы хабарламалар дабылмен қабылданды. Сирия Араб Республикасының заңды үкіметінің келісімінсіз жасалған мұндай қадам, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын тікелей бұзу және осы елдегі шиеленістің қосымша ушығуына себеп болады. Анкара Сириядағы жағдайдың ушығуын болдырмайды деп үміттенеміз", - деді Захарова Ресей Сыртқы істер министрлігінің сайтында.

Сондай-ақ, Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіпіне байланысты алаңдаушылығына да пікірін білдіре кетті.

"Түркияның ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерге байланысты алаңдаушылығына түсіністікпен қараймыз. Осыған байланысты Сирия-Түркия шекарасындағы қауіпсіздікті әскери қызметшілер орналастыру арқылы қамтамасыз етуге болады деп ойлаймыз. Бұл Анкараның Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу туралы бірнеше рет ресми айтылған мәлімдемелерінің практикалық көрінісі болар еді", - делінген РФ СІМ ресми өкілінің хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Ердоған Түркия Сирияның солтүстігіндегі Таль-Рифаат және Манбидж елді мекендерін террористерден тазарту үшін жаңа әскери операция бастайтынын мәлімдеген болатын.
”Адырна” ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер