Балабақша тәрбиеленушілері Қағбаның макетін айналды

4451
Adyrna.kz Telegram
Фото: кадрдан алынды
Фото: кадрдан алынды

Қырғызстандағы балабақша тәрбиеленушілері қасиетті Қағбаның макетін айналды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "24.kg" сайтына сілтеме жасап. 

Қырғызстан Республиканың Білім және ғылым министрлігі осы бейнежазбаға байланысты құқық қорғау қызметкерлеріне жүгінді.

Әлеуметтік желілерде қасиетті Қағбаның макетін айналып өтіп, кәлиманы (исламға сенім білдіру) қайталап жатқан балалардың видеосы пайда болды.

Білім және ғылым министрлігі бұл бейнежазба "Сумая Айдаркен" мектепке дейінгі мекемесінде 30 мамырда түсірілгенін атап өтті. Мекеме білім беру қызметін жүргізу құқығынсыз, яғни, лицензиясыз жұмыс істейді.

"Кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылыққа (белгілі бір діннің мәдениетін балаларға мәжбүрлеу) жол берген әкімшілік пен балабақша тәрбиешілерінің жауапкершілігі туралы мәселе заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады", - деп атап өтті Білім министрлігі.

 

 

 "Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер