Экс-министр Мұрат Бектановты қамауға алу мерзімі ұзартылды

2171
Adyrna.kz Telegram
Фото. sarbaz.kz
Фото. sarbaz.kz

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 20 маусымға дейін қамауда болады. Бұл туралы Алматы қалалық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Орынбасаров мәлімдеді, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы.

«Экс-министр Мұрат Бектанов 20маусымған дейін тұтқында болады. Қамауда ұстау мерзімі Алматы қаласының ауданаралық тергеу сотының шешімімен тағы бір айға ұзартылды. Тұтқында ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 13 мамырда қабылданған болатын, – деді Орынбасаров.

Еске салайық, 9 қаңтар күні Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алды.

19 ақпанда Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер