Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау пунктері арқылы жалған доллар сатылған

3322
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласында 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша сатқан қылмыстық топ сотталды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жасанды банкноттарды елорданың валюта айырбастау пункттері, банкоматтар арқылы жеке есепшоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымға тартқан.

«Сот үкімімен А.А.Жомарт, И.Х.Чекиев, Р.А.Иманбаев пен Б.Е. Төлеутай шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді агенттіктің баспасөз қызметі.

Осыған орай, қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды абай болуға және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға кеңес берді. Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарласу керек.

«Жасанды банкноттарды анықтау қылмыс болып табылмайды, алайда жалған ақша белгілерін сату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді агенттік мамандары.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер