Ақсу аудандық сотының төрағасы ұсталды

1192
Adyrna.kz Telegram
Фото: sud.kz
Фото: sud.kz

Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденов ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды “Адырна”.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдік бойынша тергеу басталғанын растайды”, - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Тергеу жалғасып жатыр. Антикор заң шеңберінде өзге де мәліметтер жария етілмейтінін хабарлайды.

Нұрлан Шаймерденов 1979 жылы Талдықорған облысы Қарабұлақ кентінде дүниеге келгені жазылған. Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында маман және сот отырысының хатшысы болып бастаған. Одан кейін Алматы облыстық сотында сот приставы, жетекші маман болып жұмыс атқарған.   

2009 жылы Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалып, аталған лауазымды 2021 жылдың қараша айына дейін атқарған. Кейін Алматы облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы болып тағайындалған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер