"Дәруменнің сыртына тест сұрағын жазған": ҰБТ-да талапкердің қулығы әшкере болды

2226
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 22 талапкер тестілеуге кірер кезде, ал 21 талапкер тестілеу барысында тыйым салынған заттарды қолданған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram-парақшасында айтты,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Ұялы телефон, жасырын камера, микроқұлаққаптар, қағаз шпаргалка - бұл ҰБТ-ны оңай тапсырғысы келетін талапкерлердің жиі пайдаланатын құралдары. Биыл 18-рет өтіп жатқан ҰБТ-ның алғашқы аптасында 22 талапкер тестілеуге кіргізу кезінде, ал 21 талапкер тестілеу барысында тыйым салынған заттарды қолдануға тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды", - деді ҰТО директоры.

Сонымен қатар, ол кейінгі аптада талапкерлер қандай тыйым салынған заттар қолданғанын айтып берді.

"Тапқыр тестіленушіміз өзімен бірге кіргізген дәруменнің сыртына тест сұрақтарын жазып, аудиториядан шығаруға талпынған. Оның бұл әрекеті біздің қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспады. Себебі тестілеудің барлық процесі олардың толық назарында. Сондықтан тест тапсырмасын не олардың үзіндісін аудиториядан шығарамын деп үміттенбеңіз. Еңбек әрқашан ақталады. ҰБТ-ға жақсылап дайындалып, тек өз біліміңізге сенсеңіз, сізді болашақ жарқын өміріңізде жақсы марапат күтетін болады. Себебі білім - ең маңызды аспап", - деп түйіндеді Руслан Емелбаев.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер