Қарағандылықтар сөрелерде қант жоқ екенін айтып, шу шығарды

3015
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Кеше ғана ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елде қант тапшылығы деп еді. Алайда бірнеше күннен бері еліміздің бірқатар облыстарында халық қантқа таласып, айқай-шу шығарып жатып, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы.

t.me/orda_kz телеграмм каналының жазуынша, қарағандылықтар да дүкендерде қанттың жоқтығын айтып шағымдануда. Олар қант бар деген шенеуніктерге: "Қайда?" деп сұрау жасап жатыр. Тіпті журналист Сергей Терещенко әкімдерге олардың осыншама "соқырлығын" айтып, өздерін емдеуді ұсынған.

"Мен әкімдерді "соқырлықтан" айықтыруға шақырамын және соңында бізге олардан басқа ешкім көрмейтін қантты көрсетемін. Олардың өтіріктерінен жалықтық!", - деп жазып, серіктес қалаларда да тәттінің жоқ екенін атап өтті.

Мәселен, Шахтинск қаласында және оған жақын орналасқан ауылдарда тұрғындар бірнеше күннен бері қант жоқ екенін айтады. Ал егер бар болса, олардың бағасы аспандап тұр.

"Мұны жасап отырған дүкендер мен супермаркеттердің қожайындары ма, әлде түйіршіктелген қант жеткізіп беретіндер ме? Бүгін мен қаламыздағы барлық дүкендерге бардым және олар маған қашан сатылымға шығатынын білмейміз деп жауап берді. Жұрт қант бар деген шенеуніктердің өтірік айтуынан шаршады," - деп ашынады тұрғындар.

Айта кету керек, кеше Оралда да халық қанттың тапшылығы бар екендігін айтып, айқай-шу шығарған болатын. Сондай-ақ қазір Ақтөбе облысындағы ірі сауда желілерінде де қанттың жоқтығы белгілі болды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер