Молдованың экс-Президенті қамалды

1951
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazaqtimes.com
Фото: qazaqtimes.com

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша 72 сағатқа қамауға алынды. Бұл жөнінде Молдова бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Марианна Кёрпек айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "azattyq.org" сайтына сілтеме жасап.

Сейсенбі күні таңертең Молдованың жемқорлықпен күрес прокуратурасы мен ақпарат және қауіпсіздік қызметі "заңсыз жолмен байыды, Отанын сатты" деген күдікпен Додонның үйі мен тағы 11 ғимаратты тінтіді.

18 мамырда Молдованың бас прокуратурасы Додонның олигарх Владимир Плахотнюктен пара алды деген күдікке ілініп, үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оған 2019 жылы түсірілген видео жазба ілік болған. Жасырын камераға жазылған видеода Плахотнюктің сол кездегі президент Игорь Додонға қара пакет бергісі келгені көрінеді. Додон пакетке жақындамаған, бірақ оны әлдекімге беруді тапсырған. Видеодан Додон мен Плахотнюк парламентте конституциялық көпшілікті құрайтын коалиция құру мәселесін талқылағаны байқалады. TV-8 мәліметіне қарағанда, Додон "Путинге үнемі әлдене жазып тұратынын" айтқан.

Видео жарияланғаннан кейін тергеу басталған, бірақ жемқорлықпен күрес прокуратурасы бастапқыда ешқандай қылмыс белгісін байқамаған, сот та іс қозғаудан бас тартқан. Өткен аптада Кишиневтің апелляциялық палатасы сот шешімінің күшін жойған. Додон тағылған айыптың бәрін теріске шығарып отыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер