Дания Украинаға қанатты зымыран береді

2356
Adyrna.kz Telegram
Фото: rbc.ru
Фото: rbc.ru

Әлемнің 20 елі Украинаға көмектің жаңа пакетін ұсынуға дайын. Бұл жөнінде Украина контакт тобының онлайн-кездесуінде АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "azattyq.org" сайтына сілтеме жасап.

Дания кемеге қарсы қолданылатын қазіргі заманғы "Гарпун" қанатты зымыранын береді. 150-200 шақырымдағы нысанаға жететін бұл зымыран, Ресей флоты бұғаттап тұрған Одесса портын қорғауға көмектеседі.

Кездесуге қатысқан 47 елдің өкілдері қазіргі жағдай әлемде азық-түлік дағдарысын тудыруы мүмкін екеніне алаңдады. Америка генералы Марк Миллидің сөзінше, "Гарпун" зымыраны коммерциялық тасымалды іске қоса алмағанымен, Одесса портына Ресей теңіз десантын түсірмеуге септігін тигізеді.

Остин сөзінше, өзге де елдер "артиллериялық оқ-дәрі, жағалау қорғанысы жүйесін, танкілер мен басқа да беренді техника" бере алады. Мұнан өзге Украина контакт тобына қатысушылар Украина жауынгерлерін оқытуға және Украина әскери жүйесінің жұмысына қолдау көрсетуге міндеттенген.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер