"Lada.kz" сайтының жазуынша, Бейнеу ауылының тұрғыны Талғат Айтмұхановқа мамыр айының басында әскерге шақырту келіпті. Мерекеден кейін ол әскери комиссариатқа барып, өзіне уақыт беруді сұрайды, өйткені медициналық комиссиядан өтіп үлгермеген. Алайда әскерилер оны бірден ауруханаға алып кетіп, тексеруден кейін сол күні №25744 әскери бөліміне әскери міндетін өтеуге жібереді. Шақырудан кейін бір апта өткен соң Талғатты үйіне кері қайтарған.
"Ол ешкімді танымайды. Қайда, не істеп жатқанын білмейді. Әкесін де танымады. Алдында тұрған адам сарбаз ба, туған адамы ма, оған бәрібір. Бірақ өзінің аты-жөні мен жасын біледі, бірақ үй-іші мен отбасын танымайды", — дейді сарбаздың туысы Қайрат Насибаев.
№25744 әскери бөлімі командирінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ренат Шәріпов 11 мамырда Талғат шақыру пунктіне келгенін, туыстарына оның қандай орынға жіберілгені туралы хабардар етілгенін жеткізді.
"Медициналық тексеруден сәтті өтті, денсаулық жағдайына шағым білдірмеді" — дейді ол.
"Адырна" ұлттық порталы.