Қадағалаушы органға тұрғындар қант таппай жүргендерін айтып шағымданып жатқан көрінеді. Жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаменті сауда нүктелері мен жергілікті дүкендерді тексеруге кіріскен.
"Бағаларға мониторинг жасаймыз, қоғамдық тамақтану орындары дүкендер қантты негізсіз қымбаттатып жіберді. Бағасы көрсетілген, бірақ қант жоқ сөрелер тұр. Тіпті 900 ден 1300 теңгеге дейін көтерілген", — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, "Сарыарқа - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Малика Күсенбаева.
"Облысқа ай басынан бастап 400 тонна қант өнімі келген болатын және коммерциялық қоймаларда 334 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де СПК стабилизациялық қорында 465 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де тауарлық интервенция жүргізілуде", — дейді Қарағанды облыстық кәсіпкерлік басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Жұлдыз Құсайын.
Қарағанды вокзалының маңындағы жұрт ең көп келетін әлеуметтік павильонның сатушылары күніне сегіз қап қант сататындарын айтады. Супермаркеттер желісінің көбінде шекер біткен. Ал кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, өнім өңірде жеткілікті. "Жоқшылықты кәсіпкерлер қолдан жасап отыр", - дейді.
"Адырна" ұлттық порталы.