Түрік инвесторлары елімізде фармацевтикалық кәсіпорын салады

2957
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Алматыда түрік инвесторларының қолдауымен жаңа фармацевтикалық кәсіпорын салу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Anadolu" басылымына сілтеме жасап.

Тиісті келісім түріктің атақты Atabay Kimya Sanayi Ticaret компаниясымен жасалды. Кәсіпорынға салынатын инвестиция 10 миллион долларды құрайды.

"Бұл — Түркия мен Еуропадағы танымал фармацевтикалық компания. Қазір ол дәрі-дәрмектің 20-дан астам түрін тіркеп, елімізде осы препараттарды шығаруға дайын. Әңгіме әртүрлі дәрілер туралы болып отыр: қабынуға қарсы, антибиотиктер, ауырсынуды басатын, – деді министр.

Түркияның Nobel Ilac фармацевтикалық компаниясы да Қазақстанға инвестиция салуға дайын екені хабарланды.

Министрдің айтуынша, әңгіме дәрі-дәрмектің дамуы, сондай-ақ онкологиялық ауруларға арналған препараттарды шығару үшін клиникалық сынақтар жүргізу туралы болып отыр. "Олар біздің елге 50 миллион доллардан астам инвестиция салуға дайын", - деді министр.

Жобаны іске асыру мерзімі — 2023-2025 жылдар.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер