Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты — Смайылов

2850
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында автожол саласын дамыту мәселелері қаралды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баяндама жасады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректеріне сәйкес, еліміздің автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды, оның ішінде 25 мың км – республикалық маңызы бар жолдар, 71 мың км — облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. 2025 жылға дейін нормативтік талаптарға сәйкес республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға, жергілікті жолдардың осындай үлесін 95%-ға дейін жеткізу көзделген.

Премьер-Министрдің айтуынша, ақылы жүйеге ауысып жатқан жолдардың жағдайына қатысты халықтың шағымы да бар. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға жолдарды күтіп-ұстау сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның деректеріне сәйкес, Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-орында.

«Мемлекет басшысы жолдардың нашар жағдайын бірнеше рет айтты. Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты екенін атап өткім келеді», — деді Әлихан Смайылов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер