Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

2123
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды»,— делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер