Фитнес-жаттықтырушы есірткі өткізумен айналысқан

2449
Adyrna.kz Telegram

Екібастұзда фитнес-жаттықтырушы есірткі өткізумен айналысқан, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері Екібастұз қаласының аумағында синтетикалық есірткі заттарын өткізумен айналысқан Павлодар қаласы тұрғындарының ішінен қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті.

– Қолда бар ақпарат бойынша жастарды спортқа деген құштарлық пен интернет-дүкендегі курьер-кепілгерлердің жұмысы біріктірді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының спорт клубтарының бірінің жаттықтырушысы ұсталды, ол өзінің автокөлігімен тыйым салынған заттарды өткізумен айналысқан. Тексеру нәтижесінде, 29 жастағы жас жігіт пен оның 19 жастағы серіктесінен 47 грамм гашиш және 52 грамнан астам синтетикалық есірткі табылды. Күдіктілер жеделхат мессенджерін пайдалана отырып, синтетикалық есірткі таратқаны анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлімі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Екі айыпталушыға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын таңдады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер