Түрең салынбаған тың тақырып...

3146
Adyrna.kz Telegram

Әлқисса!

Адамзат баласы жаралғалы бері әлем бізге дейін үш рет өндірістік революцияны бастан кешірді.

Әуелгі кезде адамзат аңшылық пен жеміс-жидектерді теріп жеумен күнелткен.

Бертін келе адамдар аулайтын аңдарының "соңынан қуалап" жүре бергеннен көрі сол аңдарын өздері бағып, көбейтудің пайдалы екенін түсіне бастайды.

Дәл осылай, әржерден жемістерді теріп жинауға қарағанда, сол жеміс беретін өсімдіктерді өздері егіп, бір жерден қажетінше өнім алудың пайдасының көбірек екенін де.

Шамада, осыдан 10 мың жыл бұрын қазіргі Ирак пен Иран елдерінің айналасында егіншілік пен мал бағушылық кәсіппен айналысатын, алғашқы отырықшы қауымдар пайда бола бастаған. Осылай адамзат аңшылық дәуірден ауыл-шаруашылық дәуіріне өтуі басталды.
Яғни, І-ші өндірістік революцияны бастан кешірді.

Сондықтан, алғашқы I-ші өндірістік революцияны "Аграрлық революция" деп атайды.

Содан бастап киім өндірісі, қару-жарақ, темір бұйымдар жасау т.б. әртүрлі "қолөнер өндірісі" түрлері көбейіп, осындай өндіріспен айналысқан қауымдар шарықтап дами бастайды.

Қол өнер өндіріс түрлері дами келе адамзат жердің бетін қойып, жер-асты қазба өндірісін де дамытады. Темір секілді заттардың өндірісі артқан сайын энергияға, от қызуына деген сұраныс та арта береді. Сондықтан, көмір өндірісіне деген сұраныс артады.

Бірақ, көмір өндірісін қатты тежеп тұрған бір мәселе болады. Ол - көмір шахталарының жер-асты суларымен тез толып қалуы. Бұл мәселені шешу үшін қаншамa ғалымдар түрлі амалдарын іздейді.

Соңында, 1820-шы жылдары алғашқы су насосының ойлап табылуымен бірге, әлемде жаңа "өндірістік революция" дәуірі басталады. Өндірісі дамыған елдерде "қол еңбегін" техникаларға айырбастау қарқын алады.

Сондықтан, ІІ-ші өндірістік революцияны "Индустриалық революция" деп атайды.
Бұл кезеңнің басталуымен қатар көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды.

Техникалық өндіріс түрлерін дамытқан, ғылымын өндіріспен ұштастыра алған елдер әлемдік державаларға айналды.

Бұл дәуір өткен ғасырдың орта тұсына дейін жалғасты.

1940-50-ші жылдары өндіріс түрлеріне энергетика, автоматтандыру, синтетикалық материалдар дайындау, электронды басқару жүйелерінің ендірілуімен өндірісің жаңа кезеңі - ІІІ-ші өндірістік дәуір басталып, ол "Ғылыми-информациялық революция" дәуірі деп аталды.
Тап осы кезеңде цифрлық жүйелер өндірісі алдыңғы орынға шығып, осы бағытта өндірісін дамыта алған елдер әлемнің көшбасшы елдеріне айналды.

Цифрлық жүйелердің программаларын жасаумен аты әлемге танылған Билл Гейтстер осы кезеңнің жарқын мысалдары бола алады.

Ал, қазіргі басталып кеткен "IV-ші өндірістік революция өндірісті қай деңгейге шығарады?" деген сұраққа әлемнің озық ойшылдары мен ғалымдары әлі күнге нақты жауап бере алмай, әртүрлі болжамдар жасалынуда.

Ғалымдардың бір бөлігі "Иновациялық технологиялар дәуірі" десе, бір тобы "Жасанды интелектілер дәуірі" деуде.

Бірақ, әлем үшін жаңа дәуірдің қалай аталары маңыды емес. Маңыздысы - әлемдік өндірістің қандай бағытқа ойысары.

Сондықтан, көптеген әлем ғалымдары өздерінің иновациялық өнімдері мен өндіріс түрлерін ғылыми ортаға ұсынып, қызығушы тараптармен өндіріске енгізу процестерін бастап жатыр.

Қазіргі өндірістік дәуірде қай елдер жаңа дәуірге алғашқы болып бейімделе алса, болашақта сол елдер әлемнің көшбасында болмақ.

Осы постты жазып отырып, өткенімізге қарап ойланып отырмын. Ойланып отырып біздің еліміздің, ұлтымыздың неліктен тарихта соншалық "тепкі көргенін", жойылып кете жаздағанын ұққандай болдым.

Менің ойымша, біздердің ата-бабаларымыз сонау алғашқы аңшылық кезеңінде бірінші болып жануарларды қолға үйретіп, асырап-бағуды қолға алған қауым болған-ау?!

Яғни, "Аграрлық өндіріс" дәуіріне алғаш өту арқылы әлемнің көшбасшы өркениетіне айналған. Өзгелер жалаңбұт, атып алған аңының терісін жамылып жүрген сол дәуірлерде біздің ата-бабаларымыз алтыннан киім киіп, миллиондаған мал бағып шалқып өмір сүрген.

Бірақ, сол кезеңде тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, отырықшылықпен дамитын өндіріс түрлерін дамытуға ынта болмаған.

Ал, өзге отырықшы елдердің қолөнер өндірісі жылдам дамып, өндірістің екінші кезеңі "Индустриалық дәуірінде" әуелден отырықшы батыс елдері алға шығып кетті.

Міне!

Содан бастап біздердің тек мал өндірісімен айналысып, сол дәуірден өте алмаған ата-бабаларымыз тарихтың "тепкісін" көре бастады. Бұл біздерге - қанша жерден "бірінші өндірістік" дәуірдің дамыған елі болсаң да(ата-бабамыз секілді), екінші өндірістік дәуірге өткен елдердің соңғы қатарындағы елдерге де қарсы тұра алмайтыныңды нақты көрсетіп берді деп ойлаймын.

1950-ші жылдары әлем "Үшінші өндірістік революцияның" дәуірене еніп жатқанда, біздер сол күйі алғашқы "Аграрлық революция" дәуірінде қалып қойдық. (Мұны сіздер де мойындайсыздар деп ойлаймын). Тек, содан кейінгі жылдары (Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі кезеңді қоса алғанда) Индустрализация кезеңіне там-тұмдап араласа бастағанымызбен, әлем қазір төртінші өндірістік революцияның игілігін көруді бастап жатыр. Сол дәуірдің көшбасшысына айналуға ұмтылуда.

Осыған қарасаңыздар біздердің өндіріс саласында әлемнен тұтастай бір дәуір артта қалып келе жатқанымызды көресіздер. Демек, алда әлі талай ата-бабамыздың көрген "тарих тепкісін" біздер де болашақта көруіміз бек мүмкін деген сөз.

Ол үшін жеделдетіп өндірісімізді алдағы "Иновациялық өндіріс" дәуіріне бейімдеуіміз керек болады. Басқа ешқандай жолымыз жоқ. Өйткені, алдағы 20-30 жылда мұнай-газ, қазба-байлық дегеніміз ешқандай құндылық болмай қалады. Сол дәуірде біздер не істемекпіз?
Бізден кейінгі ұрпақ не істемек?!

Алдағы 20 жылда адамзат өндірістік технологиялардың келесі деңгейіне көшеді деген ғалымдардың болжамы бар.

4-ші өндірістік революция ресми 2011-ші жылдардан басталды делінгенімен әлі күнге таласы көп тақырып болып, дамыған елдер арасында болашақта өндірістік бәсекеде алдыңғы орында болу үшін қазірден бастап өндірістің келесі деңгейіне өнім дайындауға қарқынды кірісіп жатыр.

Мінекей!

"Халықтар Достығы" университетінің ректоры Рабиға Қуатбекованың бастамасымен Шымкент қаласында өткен "Білім және Ғылым: IV-ші Өнеркәсіптік революция сын-қатерлері" тақырыбындағы халқаралық ғылыми-практикалық конференцияның еліміз үшін маңыздылығы өте үлкен.

Әрине, түсінген адамға!

Әлемнің АҚШ, ГЕРМАНИЯ, РЕСЕЙ, ӨЗБЕКСТАН секілді бірнеше елдердің ғалымдарының басын қосып, олардың ІV-ші өндірістік дәуірге арнаған жобаларын таныстыруына, ол өндіріс түрлері мен зерттеулерін өзіміздің ғалымдар мен өндіруші кәсіпкерлеріміздің басын тоғыстыруының мәні, жоғарыда келтіргенімдей терең түйсіктен туған мақсат екенін түсінулеріңізге болады.

Бұл конференция сонысымен құнды.

Сонысымен мәнді.

Құрметті Рабиға ханым!

Осындай елімізге, ғылымға қосып жатқан еңбегіңіздің жемісін ел көреріне сенімдімін.
Деніңізге саулық берсін!

Рүстем АШЕТАЕВ

Пікірлер