Алматыда жол ақысын төлемеген 17 жастағы жасөспірімді полиция қызметкерлері алып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Экспресс К" сайтының хабарлауынша, жасөспірімнің ONAY картасына әкесі ақша салып үлгермепті. Себебі әкесі жұмыста болған.
Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Елдос Өмірзақ есімді желі қолданушысы жазған. Ол 80 теңгеге бола жас баланы полицейлер алып кеткені туралы айтылады. Желі қолданушылары тәртіп сақшыларының бұл әрекетіне өз наразылықтарын білдіріп жатыр.
"Масқара! Полицейлердің осыдан басқа жұмысы жоқ па?!", "Ұят болған екен! 80 теңгеге бола баланы мұнша қинағаны несі?!", "Ішкі істер басқармасына қылмыскер секілді апарғаны несі?! Оқушыларға жол ақысын тегін қылу керек",— деген пікірлер жазуда желі қолданушылары.
Полицейлер кейін баланы ата-анасына табыстаған. Жасөспірімнің жағдайы қалыпты.
"Адырна" ұлттық порталы.