Димаш Құдайберген «Бақытты бала – 2018»байқауына қатысады

2450
Adyrna.kz Telegram

Алғаш рет Ақтөбеде ашық балалар вокалдық фестиваль-конкурсы өтеді.

Ақтөбе облысында 2018 жыл  Сәби жылы деп жарияланып, осыған орай облыс әкімдігі бірқатар арнайы іс-шараларды қамтитын және өсіп келе жатқан ұрпақты шығармашылық дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған «Бақытты бала» жобасын әзірледі.«Рухани жаңғыру», «Туған жерге тағзым» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде іске асырылып отырған жоба Ақтөбе қаласында 2018 жылғы 1-2 маусымға белгіленіп отырған «Бақытты бала-2018» ашық балалар вокалдық фестивальімен басталады.

«Бақытты бала-2018» эстрадалық әндер конкурсына 10 жастан 15 жасқа дейінгі жас музыкалық дарынды балалар қатысады. Конкурстың үміткерлеріне ана тілінде кез келген әнді (оның ішінде өзі жазып шығарған)дербес орындау қажет және әлемдік хит туындыларды да таңдаса болады. Балалар шығармашылығының ауқымды жобасы – балалар эстрадалық әнінің финалдық конкурсына қашықтықтан іріктеу туры бірнеше кезеңдер бойынша өтеді.

Фестиваль-конкурсқа өтініштерді қабылдау 2018 жылғы 15 мамырға дейін өтті. Оған 420 өтініш беріліп, солардың ішінде қашықтықтан іріктеу турынан 20 жеткіншек таңдалды. Бірнеше жеңімпаз шақырылған эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен 2 маусым күні салтанатты марапаттау рәсімі кезінде жарияланатын болады.

Іс-шараға дүниежүзіне әйгілі әнші Димаш Құдайберген (Қазақстан),«Голос. Дiти-2017»украиналық вокалдық конкурстың жеңімпазы ДанелияТөлешова (Қазақстан), «Славян базары-2017» конкурсының жеңімпаздары Луиза Нуркуатова мен Влад Сытник (Украина), армян әншісіДжорданАракелян (Армения) және әуе гимнасты Анастасия Дидух (Украина) қатысады.

Финалға қатысушылар бас жүлдеге тағайындалған 2 000 000 теңге үшін сайысқа түсетіндігін атап көрсетеміз.Негізгі жеңімпаздан басқа, бірінші орынның иегері 1 500 000 теңге мөлшерінде, екінші мен үшінші орындардың екі иегері 750 000 теңге және тиісінше 500 000 теңге көлемінде ақшалай жүлделермен марапатталады. Сондай-ақ фестивалға қатысушылардың біреуі  бүкіл әлемге әйгілі әнші, «Славян базары-2015», «Singer-2017» халықаралық конкурстарының жеңімпазы, «MTVMusicAwards» сыйлығының иегеріДимаш Құдайбергеннің атаулы жүлдесін иеленетін болады.

Бұған қоса, конкурс қазылар алқасының құрамына мәдениет пен өнердің танымал халықаралық қайраткерлері кіргенін атап өтеміз. Олардың қатарында Түркияның әншісі және вокал оқытушысы, вокалдық орындаушылар шолуларының авторы, бейнеблогерЭмреЮселен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Ақтөбе облыстық филармониясының солисті, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысыМарат Әйтімов, әртіс, Украинаның Алтын даусы саналатын, Витебскідегі «Славян базары-2017» байқауының жеңімпазы, 2017 жылы әлемнің 30 үздік дауысына кірген Влад Сытник, Қазақстанның эстрадалық әншісі, еңбек сіңірген қайраткері. Мәскеу қаласындағы «Виват, Виктория» халықаралық конкурсының бас жүлдегеріЖеңіс Ысқақова, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісіНодираПерматова және Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарыКүлпаршын Айдарханова бар.

Ақтөбе қаласының әкімдігі мен «QAZAQSTAN» ұлттық арнасының қолдауымен «ДимашАли» шығармашылық орталығы осы фестивальдің ұйымдастырушылары болып табылады.Конкурстың ресми сайты: http://baqyttybala.kz/

________________________________________________________________________________________________________________________

"Адырна" ұлтты порталы

 

 

Пікірлер