Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы делегациясымен кездесіп, референдум кезінде бірлесе жұмыс атқаруға келісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы депутат өз фейсбук парақшасында жазды.
"Республикамыздағы сайлау кезеңіндегі Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының дәстүрлі бақылауының біз үшін маңызы зор. Соңғы жылдары бірлескен жұмысымыздың арқасында серіктестігіміз нығая түскенін атап өткім келеді.
6 мамыр күні СІМ түрлі халықаралық ұйымдармен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына да алдағы референдумның өтуін бақылау үшін шақырту жіберген болатын. Кездесу барысында біз азаматтарымыздың сайлау құқығы сақталуы үшін ашықтық саясатын ұстанатынымыз жайлы сөз болды. Осы орайда сайлау науқандарын жоғары демократиялық стандарттарға сай өткізуімізге ықпалдастық танытып, бақылауға көмек көрсетіп жүрген бірнеше жылдық ЕҚЫҰ серіктестігімізге аса зор маңыз беретініміз айтылды.
ОСК алдағы референдумды халықаралық ұйымдар мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның ұсыныстарын ескере отырып, жоғарғы деңгейде өткізіп шығатынына сеніміз мол", — деп жазды ол.
Саясат Нұрбек — депутат ғана емес, өз пікірін ашық білдіретін, сауатты политолог, ұлтжанды азамат. Осындай саясаткерлер Жаңа Қазақстанның өркендеп, дамуына атсалысса, әлем біздің елімізді бұдан да артық құрметтеп, танитын болады.
Нәтижесінде түрлі халықаралық ұйымдар Қазақстанмен серіктес болып, ынтымақтастық қатынастар нығаяды.
"Адырна" ұлттық порталы