Қытайда өртенген ұшақта Ресейдің азаматтары бар-жоғы тексерілуде

2666
Adyrna.kz Telegram
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Ресейдің Қытайдағы елшілігі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласының әуежайында өртенген ұшақта Ресей азаматтарының бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Елшіліктің баспасөз атташесі Георгий Егоровтің айтуынша, елшілік ұшақта Ресей азаматтарының болған-болмағанын тексеріп жатыр.

Бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 8.09-да (Мәскеу уақытымен 3.09) Чунцин қаласынан Тибет автономиялық аймағының Нинчи қаласына TV9833 рейсін орындаған Tibet Airlines жолаушылар ұшағы Чунцин қаласындағы Цзянбэй әуежайында ұшып көтерілу кезінде ұшу-қону жолағынан шығып, өртеніп кетті. Бортта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған, барлығы аман, бірақ 40-тан астам адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жүріп жатыр.

Бұл — Қытайдағы биылғы екінші ірі авиациялық апат. Бұған дейін Куньмин-Гуанчжоу бағытындағы MU5735 рейсін орындаған Boeing 737 ұшағы 21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Учжоу қаласындағы Тен округінде апатқа ұшыраған болатын. Бортта 132 адам (барлығы Қытай азаматтары), оның ішінде 123 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі болған, олардың барлығы қайтыс болды деп жарияланды.

2015 жылдан бері қолданыста болған лайнердің апатқа ұшырауының ықтимал себептері әзірге белгісіз. Сарапшылар табылған "қара жәшіктерді" зерттеуді жалғастыруда.

Boeing 737 ұшағының апаты Қытайдағы соңғы 11,5 жылдағы ең ауыр әуе апаты болды, бұған дейін Қытайдың азаматтық авиациясы 138 ай қатарынан қауіпсіз ұшып келген.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер