Германия әлемде ашаршылық болады деп болжады

4304
Adyrna.kz Telegram

Украинадағы қақтығыс, құрғақшылық және коронавирустық пандемияның салдары бүкіл әлемде ашаршылықтың болуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Свенья Шульце Bild басылымына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына сәйкес, әлемде 300 миллион адам аштықтан зардап шегеді және бұл статистика күн сайын өсіп отыр. Өкінішті, бірақ біз миллиондаған адам қаза болған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр ашаршылықпен бетпе-бет кездесуіміз мүмкін»,– деді ол.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинадағы дағдарыс бүкіл адамзаттың бестен бірінен астамын кедейлік пен аштыққа батыруы мүмкін екенін айтқан. Оның пайымдауынша, 1,7 миллиардқа жуық адам зардап шегуі ықтимал.

Гутерриш бидай мен арпаның әлемдік өндірісінің шамамен 30%-ы, жүгерінің бестен бірі және күнбағыс майының 50%-дан астамы Украина мен Ресейдің үлесінде екенін атап өтті. Бұл елдерден астықты жер шарының нашар дамыған 45 елі импорттайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер