«Бет-жүзін бүркемелеуі тиіс»: Тәліптер әйелдерге арналған тыйымын қайта енгізді

8203
Adyrna.kz Telegram

Тәліптер қайтадан ауған әйелдеріне бетін және денесін толық жаппай көшеге шығуға тыйым салды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әйелдердің бетін де, денесін де жабуға міндеттейтін қаулыны Жамандықтың алдын алу және ізгілікті насихаттау министрлігі дайындаған.

Құжатта әйелдердің мүмкіндігінше үйде болғаны дұрыс екені атап көрсетілген.

Ауғанстанның жоғарғы жетекшісі және «Талибан» қозғалысының басшысы Хайбатулла Ахунзада бұл жарлыққа сенбі күні қол қойды.

«Әйелдер чадари киіп, бет-жүзін бүркемелеуі тиіс. Бұл дәстүрлі және құрметті мінез-құлық. Ол ерлермен кездескен кездегі азғырудан сақтайды»,– делінген Жарлықта.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер