Қазақстандық оқушы әлемнің үздік 33 университетінен шақырту алды

6166
Adyrna.kz Telegram

BIL түлегі Мирас Сейілхан әлемнің үздік 33 университетінен шақырту алды. Олардың арасында Colgate University, Pace university, London School of Economics, University of Lancaster және басқалары бар. Бұл туралы @nashi_v_mire парақшасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Білім-инновация" лицейінің бұрынғы президентімін. Көптеген әлеуметтік жобаның негізін қаладым. Мысалы, BIL press, BIL volunteers. Осындай жетістікке жетуіме мектебім мен мұғалімдерім көмектесті»,– дейді ол.

Әңгіме барысында жас дарын оқуға түсуге қалай дайындалғанын айтып берді.

«Карантин кезінде IELTS және SAT сынақтарына дайындала бастадым. Күн сайын аудиокітаптарды тыңдап, эссе жаздым. Нәтижесінде IELTS бойынша 8.0 және Duolingo бойынша 135/160 балл алдым. IELTS емтиханына екі жылға жуық дайындалдым. Әлемнің үздік университеттеріне тапсыру кезінде ескерілетін басты нәрсе – эссе. Өйткені ол сіздің шын мәнінде қандай адам екеніңізді көрсетеді. 50-ге жуық университетке өтініш жібердім. Шыны керек, эсселердің мазмұны барлық жерде бірдей болды, бірақ университеттің атауы мен кейбір мәліметтерді өзгерттім. АҚШ-та қабылдау процесі Қазақстандағыдай емес. Мысалы, біздің басты критерийіміз ҰБТ болса, АҚШ-та эссе, мұғалімдердің ұсыныс хаты, орташа балл, сыныптан тыс жұмыстар мен жетістіктер назарға алынады»,– деді Мирас Сейілхан.

Сұқбат соңында BIL түлегі шетелде оқығысы келетін барша оқушыға ақыл-кеңесін берді.

«Алдын ала дайындалыңыз. 9-10 сынып – бастау үшін тамаша уақыт. Ең бастысы – дисциплинаны сақтау. Онсыз демалыс және карантин кезінде халықаралық сынақтарға дайындалу қиын»,– деп сөзін қорытындылады ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер