Тоқаев Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

3118
Adyrna.kz Telegram
Фото: Хабар24
Фото: Хабар24

ҚР Президенті Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке батыр бабаларымыздың Отанға қызмет етудің даңқты дәстүрлері мен бүгінгі ұрпақтар арасындағы терең байланысты білдіреді.

Отан қорғау – қасиетті парыз және жауапты миссия. Әскери антына адал, нағыз патриоттарды халқымыз қашанда ерекше қастер тұтқан.

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде әскер Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің мызғымас тірегіне айналды.

Қорғаныс әлеуетін нығайту, әскери қызметкерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және оларды жан-жақты қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты қорғап, Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын қорғап жүрген сарбаздар мен командирлерге алғысымды білдіремін.

Біздің ержүрек жауынгерлеріміз халық сенімін ақтайтынына сенімдімін! Барлық азаматтарға бақ-береке және табыс тілеймін!",- деді Президент Ақордадағы құттықтауында.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер