Алматы әкімдігінің қызметкерлері 51 млн теңгені қайда жұмсамақ?

2711
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімдігінің екі қызметкерінің БАӘ-ге сапарына мемлекеттік бюджеттен 51 миллион теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы t.me/orda_kz телеграмм каналы жазды.

Алматы қаласының туризм басқармасы 9-12 мамырда Дубайда өтетін "ATMDubai 2022" халықаралық туристік көрмесіне әкімдік қызметкерлерінің қатысуы үшін 51,5 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл қаржы қаланың жергілікті бюджетінен, яғни алматылықтардың есебінен бөлінеді. Қазір жеткізушіге 15 миллион теңге төленген.

"Халықаралық туристік көрмелерге қатысудың негізгі міндеті – Алматы қаласының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету, елдер арасындағы туристік алмасуды арттыру, шетелдік әріптестермен байланысты кеңейту және нығайту", - делінген мемлекеттік сатып алу туралы шартында.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер