Ақмола облысында бір отбасы өртеніп кетті

2678
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы ТЖД
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Бүгін түнгі сағат 03.54-те Ақмола облысы Красный Яр ауылында екі қабатты үй өртеніп,  салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "aikyn.kz"-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер үш минутта жеткен. Құтқарушылар келгенше 1964 жылы туған әйел мен оның 2015 жылы туған немересі терезе арқылы пәтерден шығып үлгерген.

— Өрт орнынан 1991 жылы туған ер және 1993 жылы туған әйел адамның, сондай-ақ екі баланың денесі табылды, – дейді құтқарушылар.

Өрт ауданы 50 шаршы метр болатын пәтерден шыққан. Электр сымдарындағы ақау өртке себеп болуы мүмкін. Өртті 13 қызметкер мен үш техникамен сөндірді.

Оқиғадан бір күн бұрын үйдегі электр сымдары ауыстырылған. Әжесі мен немересі шеткі бөлмеде, ерлі-зайыптылар егіз баласымен электр сымы ауыстырылған бөлмеде болған.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер